blog Images

Қарттар күніне орай қарияларға құрмет көрсетілді

Қарттар күніне орай Бейнеу ауылдық “Басшы Айжанақұлы Әзірханов” мешіті қазыналы қарияларға арнайы құрмет көрсетті.

Мешіт имамы Ұзақбай Түркменбайұлы Бейнеу тұрғыны, 104 жастағы 11 перзенттің анасы Тілеубай қызы Сырға әжеміз бен 90 жастағы ардагер ұстаз Тіркешұлы Көшкінбай ағаның шаңырағына барып мерекесімен құттықтады. Тәттілер салынған себеттер сыйлап, қарттарымызға амандық пен денсаулық тілеп, ізгі ниетін жеткізді.
Өз кезегінде қазыналы қарттарымыз да ел-жұрт пен ұрпақ амандығын тілеп, мешіт ұжымына алғыстарын айтып, баталарын берді.