blog Images

Қарттар күніне орай қарияларға қайырымдылық көмек көрсетілді

Қазан айының алғашқы күні – елімізде дәстүрлі түрде аталып өтетін Қарттар күні. Осы мерекеге орай ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен  Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Шара аясында жасы үлкен, ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған, ақ батасымен елді рухани қолдап жүрген қарияларға құрмет көрсетіліп, 12 қарияға арнайы азық-түлік себеттері үлестірілді.

Өз кезегінде ақсақалдар ризашылықтарын білдіріп, елдің бірлігі мен берекесі үшін ақ баталарын берді.

Қарияларымыздың мерейі үстем болып, ғибратты ғұмыры мен өнегелі жолы кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі болғай. 1 қазан – Халықаралық қарттар күні құтты болсын!