«Ар-Рахим» мешітінде қаза болған сарбаздар рухына Құран бағышталды
Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінде ауыл тұрғындарының қатысуымен Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығуы кезінде қаза болған әскери қызметшілердің рухына Құран хатым бағышталды.
Мешіт жамағаты елдің амандығы мен жұрттың тыныштығын тілеп, садақа беріп, марқұмдардың рухына дұға жасады.
Құран бағыштау барысында қаза болған әскери қызметшілердің ата-аналары мен туған-туыстарына сабыр, күш-қуат тілеп, елдің бірлігі мен тыныштығы үшін дұға жасалды.
Марқұмдардың иманы саламат, жандары жәннатта болсын. Туған-туыстарына Алла сабыр берсін.
