«Ар-Рахим» мешітінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде
Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінде мешіт жамағатының қолдауымен құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда мешіттің дәретханасы мен әжетханасын жаңарту және келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында құрылыс жұмыстары қолға алынды.
Игі іске мешіт жамағаты белсенді түрде атсалысып, қажетті жұмыстарды бірлесе атқаруда. Бұл бастама мешітке келушілерге қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.
