blog Images

Оразмағанбет ахун мешітінде отбасылық кеңес берілді

Жаңаөзен қаласы,Рахат ауылдық Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы мешітінде екі жасқа отбасылық кеңес берілді.

Кездесуде мешіттің бас имамы Оразбай Түркменбайұлы жас жұбайларға отбасы құндылықтары мен ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық туралы насихат айтты.

Бас имам отбасы – қоғамның негізі екенін атап өтіп, шаңырақтағы татулық пен берекені сақтау, ерлі-зайыптылардың бір-біріне құрметпен қарап, өзара түсіністік танытуының маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ жас отбасыға қиындыққа сабыр ету, кешірімді болу, жауапкершілікті сезіну және отбасылық мәселелерді ақылдасып шешу жөнінде кеңестер берілді.

Кездесу соңында жас жұбайларға берік отбасы, баянды бақыт пен шаңырақтарына береке тіледі.