«Қосай ата»мешітінде Мәуліт кеші өтті
Жаңаөзен қаласы Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінде ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өнегелі өмірін ұлықтауға арналған тағылымды Мәуліт кеші ұйымдастырылды.
Кешті Қосай ата мешітінің бас имамы Бахарамұлы Нұрмұхаммед бастап, жамағатқа ардақты Елшінің (с.ғ.с.) көркем мінезі мен өнегелі ғұмыры жайында насихат айтты. Сондай-ақ арнайы шақырылған ұстаздарға сөз кезегін ұсынып, кештің тағылымдық мәніне тоқталды.
Кеш барысында «Шаңырақ» мешітінің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы, «Шаңырақ» мешітінің ұстазы Ажымұқан және «Саби Атабайұлы» мешітінің ұстазы Бабаназар жамағатқа ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі, көркем мінезі мен адамзатқа қалдырған өсиеттері жайында тағылымды уағыз-насихат айтты.
Жиын барысында жамағатқа Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін үлгі ету, көркем мінез бен ізгі амалдарды өмір салтына айналдырудың маңызы түсіндірілді.
