blog Images

«Ар-Рахман»мешітінде Мәуліт жыры оқылды

Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) арналған рухани Мәуліт кеші өтті.

Шара барысында Мәуліт айының маңызы кеңінен насихатталып, Алла Елшісіне (с.ғ.с.) арналған Мәуліт жырлары оқылды. Сонымен қатар, қатысушыларға тағылымды уағыздар айтылып, сұрақ-жауап кеші ұйымдастырылды.

Рухани басқосуға жиналған әйелдер мен қыз-келіншектер Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі мен көркем мінезі жайында құнды мағлұматтар алды.

Кеш соңында қатысушыларға дастархан жайылып, ақ дастархан басында ізгі тілектер айтылды.