«Ар-Рахман» мешітінде «Адал ас – шариғат талабы» атты семинар өтті
Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде ҚМДБ-ның «Халал даму» бөлімінің Маңғыстау облысы бойынша технологы Джиенғалиева Мөлдір Анетқызы жамағатқа арналған семинар өткізді.
«Адал ас – шариғат талабы» тақырыбында өткен семинар барысында ислам дініндегі адал әрі халал тағамның маңызы, тағам өнімдерін таңдаудағы шариғат талаптары және мұсылман адамның ас-ауқатқа қатысты жауапкершілігі кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, маман халал өнімдерді ажыратудың ерекшеліктеріне тоқталып, жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Кездесу соңында қатысушыларға пайдалы ақпарат беріліп, адал ас тұтыну мәдениетінің маңыздылығы насихатталды.
