blog Images

«Ар-Рахман»мешітінде «Пәтуа сағаты»тұрақты түрде өткізілуде

Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде жамағаттың діни сауаттылығын арттыру мақсатында әр аптаның сәрсенбі күні «Пәтуа сағаты» тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Аталған шараны мешіттің наиб имамы Серікұлы Аманкелді жүргізеді. Кездесу барысында  ҚМДБ-дан шыққан пәтуалар жамағатқа кеңінен түсіндіріліп, олардың мәні мен маңызы баяндалады.

Сонымен қатар, басқосу соңында жамағат көкейінде жүрген түрлі діни сауалдарын қойып, көкейкесті мәселелеріне жауап алады.

«Пәтуа сағаты» – жамағаттың діни білімін арттырып, шариғат мәселелерін дұрыс түсінуге бағытталған тағылымды кездесу.