«Қолдан-қолға»жобасы: «Шаңырақ»мешітінде қайырымдылық көмек көрсетілді
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Қолдан-қолға»жобасы аясында Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ»мешітінде «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің 4-курс студенті Құлберген Исатай Берікұлының оқу ақысын төлеуге қаржылай көмек көрсетті.
Бұл игі бастама – білім алып, дін жолында қызмет етуге талпынып жүрген жастарға қолдау көрсетудің жарқын үлгісі.
Студентке оқуын сәтті аяқтап, алған білімін ел игілігіне, дініміз бен қоғамымыздың дамуына жұмсайтын білікті маман болуына тілектестік білдіреміз.
Мешіт имамы Еркеғали Сағынбайұлына және осы қайырымды іске атсалысқан мешіт жамағатына Алла разы болсын! Жасаған жақсылықтарыңыз қабыл болып, сауаптан жазылсын!