blog Images

«Әл-Хаким»мешітінде Мәуліт жыры оқылды

Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінде жамағатпен бірге  рухани Мәуліт кеші өтті.

Шара барысында «Әл-Хаким» мешітінің имамы Дінмұхаммед Шындаулетұлы жамағатқа Мәуліт мерекесінің мәні мен маңызы, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өнегелі өмірі жайында тағылымды уағыз айтты.

Сондай-ақ, «Әбу молда» мешітінің имамы Берік ұстаз Мәуліт жырын оқып, жиналған жамағатқа рухани әсер сыйлады. Кеш соңында мешіт жамағатына дастархан жайылып, көпшілікке ас берілді.

Шараға қатысқан жамағат Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтып, ізгі дұға жасады.