blog Images

«Мұстафа»(с.ғ.с)мешітінде Мәуліт жыры оқылды

Қызылтөбе  ауылдық «Мұстафа»(с.ғ.с) мешітінде ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед  (с.ғ.с.) арналған рухани Мәуліт кеші өтті.

Тағылымды жиынға «Ар-Рахман» мешітінің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы, «Әбу Молда» мешітінің имамы Берік имам,«Баянды» мешітінің имамы Саламат Түгелбайұлы және Қызылтөбе ауылындағы «Әл-Хаким» мешітінің имамы Дінмұхамбет имам қатысып, жамағатқа ғибратты уағыз-насихат айтты.

Жамағатпен өткен жиында ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) арналған Мәуліт оқылып, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) көркем мінезі мен өнегелі өмірі насихатталды. Жиналған жамағат рухани әсер алып, игі басқосудың берекесі мен тағылымын сезінді.