«Мектепке жол»акциясы:Қарақия аудандық мешітінде 25 балаға оқу құралдары табысталды
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Қарақия аудандық орталық мешітінде дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасын тапты.
Игі шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан 25 балаға мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтары табысталды.Сондай-ақ 10 балаға мектеп формасы берілді.
Бұл қайырымдылық бастаманың мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қуанышын еселеп, олардың алаңсыз білім алуына қолдау көрсету.
