blog Images

«Мектепке жол»акциясы:Маңғыстау аудандық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Маңғыстау аудандық мешітінде жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Игі шара аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың 15 баласына мектеп сөмкелері табысталды. Балаларға оқу жылына қажетті құрал-жабдықтармен қатар, ақжолтай тілектер айтылып, жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауына қолдау көрсетілді.

Қайырымдылық шарасының негізгі мақсаты – балаларға қолдау көрсету, ата-аналардың оқу жылына дайындығына жәрдемдесу және қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.

Маңғыстау аудандық мешіті тарапынан ұйымдастырылған бұл игі бастама алдағы уақытта да жалғасын табады.