blog Images

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 100 БАЛАҒА ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен,Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата»мешітінде «Мектепке жол – 2026» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасын тапты.

Аталған игі шара аясында 100 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен сөмкелер сыйға беріліп, олардың білімге деген ынтасы мен оқу қуанышы еселенеді. Шара барысында  ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық»қорының өңірдегі жауапты өкілі Байкенже Серікбайұлы және облыстық мешіттің наиб имамы Қайрат Қошкелдіұлы қайырымдылық акциясы-қоғамда қайырымдылықты дәріптеу, мұқтаж жандарға қамқор болу және өскелең ұрпақтың алаңсыз білім алуына жағдай жасауға бағытталған игі бастама екендігін атап өтті.Сондай-ақ,балаларға жаңа оқу жылында табандылық тілеп, білімге ұмтылудың маңыздылығы жайлы насихат айтты.

Қайырымдылық шарасы барысында балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында арнайы аниматорлар шақырылып, түрлі қызықты ойындар мен көңілді бағдарламалар ұйымдастырылды. Балалар ойындарға белсене қатысып, көтеріңкі көңіл-күймен уақыт өткізді.