blog Images

Дін қызметкерлері арасында сапбордтан спорттық сайыс өтті

Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы бойынша теологтар мен имамдар арасында сапбордтан спорттық жарыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – дін қызметкерлері арасында өзара ынтымақтастық пен ауызбіршілікті нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген қызығушылықты арттыру.

Жарыс барысында қатысушылар өздерінің ептілігі мен шеберлігін көрсетіп, жеңіске деген жігерін танытты.

Жарыс қорытындысы бойынша:

І орын — Орашов Айдар
ІІ орын — Абдулхамидов Сайдмухаммед
І ІІ орын — Әлбетов Еркеғали

Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен және марапаттармен атап өтілді.

Осындай спорттық әрі рухани-танымдық шаралар дін қызметкерлері арасындағы достықты нығайтып, өзара бірлік пен ынтымақтастықты арттыруға өз үлесін қосады.