blog Images

Мешіт жамағаттары арасында облыстық спорттық сайыс өтті

Маңғыстау облысы бойынша «Жастар ісі»секторының ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында облыстық деңгейде сапбордтан (SUP-борд) спорттық  сайыс өтті.

Спорттық шараның басты мақсаты – мешіт жамағаттары арасындағы өзара ынтымақтастық пен ауызбіршілікті нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды спортқа баулу.

Сайысқа мешіт жамағаттары қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылар сапбордта тепе-теңдікті сақтап, ептілік пен шеберліктерін көрсетті. Тартысты өткен жарыс барысында қатысушылар өздерінің ерік-жігері мен табандылығын танытып, белсенділік танытты.

Шара барысында жамағат  спорттық бәсекемен қатар, өзара пікір алмасып, достық қарым-қатынастарын нығайтты. Мұндай игі бастамалар жамағат арасындағы бірлікті арттырып, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Сайыс қорытындысы бойынша:

І орын – Яков Илхом
ІІ орын – Айтумұханбетов Ерсұлтан
ІІІ орын – Бектасов Бекзат

Жеңімпаздар арнайы марапатталып, үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға алғыс білдірілді.

Жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да биік белестерден көрінуіне тілектестік білдіреміз!

Бірлік бар жерде – береке бар!