«Оразмағанбет ахун»мешітінде қайырымдылық шарасы өтті
Оразмағанбет ахун мешітінде «Қолдан-қолға» жобасы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі бастама аясында мешітке практикадан өтуге келген шәкірттерге қолдау көрсетіліп, олардың білім алуына қажетті жағдай жасау мақсатында қаржылай көмек берілді. Атап айтқанда, екі шәкіртке оқуына және жол қаражатына жұмсау үшін материалдық көмек көрсетілді.
Қайырымдылық – қоғамдағы өзара жанашырлық пен бауырмалдықты арттырып, білім іздеген жастарға демеу болатын сауапты амалдардың бірі. Осы бағыттағы игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.
Шара соңында мешіт ұжымы шәкірттерге ақ жол тілеп, білім жолындағы ізденістеріне сәттілік тіледі.
Қайырымдылық шарасына ұйытқы болған Оразмағанбет ахун мешітінің бас имамы Оразбай Түркменбайұлы игі істің маңыздылығына тоқталып, жастарға қолдау көрсету – баршаға ортақ жауапкершілік екенін атап өтті.
