«Қолдан-қолға»жобасы: Оразмағанбет ахун мешітінде қайырымдылық шарасы өтті
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының «Қолдан-қолға» жобасы аясында Оразмағанбет ахун мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шара барысында пәтер ақысын төлеуге көмек қажет болған анаға 150 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіліп, қажетті көмекті мешіт бас имамы Оразбай Түркменбайұлы табыстап,мұқтаж анаға денсаулық пен Алладан саулық сұрады.
