«Әбіш қожа»мешітінде қалааралық Құран жарысы өтті
Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш Қожа» мешітінің ұйытқы болуымен Құран Кәрімді жатқа оқу бойынша сайыс өтті.
Аталған сайысқа 100-ге жуық қатысушы қатысып, өзара бақ сынасты. Байқау үш номинация бойынша ұйымдастырылды: 30-пара, «Духа» – «Нәс» сүрелері (20 жасқа дейін) және «Духа» – «Нәс» сүрелері (20 жастан жоғары).
Сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға Құран Кәрімді оқудың және жаттаудың артықшылықтары мен сауаптары жөнінде тағылымды насихат айтылды.
