ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ «ИМАНИ ЖАЗ-2026»ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ
«Діни оқу-ағарту» бағытының жылдық жоспарына сәйкес Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде өткен “Имани жаз-2026” жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтады.
Жазғы демалысын мұсылманша сауат ашуға арнаған дарынды да зейінді балалар курста Құран әліппесі,тазалық,ата-ананы құрметтеу,әдеп-тәртіп дәрістерін үйренді.Сауат ашу курсының аяқталу жиынында мешіттің наиб имамы Қайрат Қошкелдіұлы 40 шәкіртке сертификат пен марапаттарды табыстады.Сондай-ақ, діни сауат ашу курсында білім алған жас шәкірттерді құттықтап,Алладан білімге деген ықылас пен зейін тіледі.
