blog Images

«Қосай ата»мешітінде әйелдер жамағатына танымдық семинар өтті

Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылындағы «Қосай ата» мешітінде әйелдер жамағатына арналған «Бақытты әйел – берекелі отбасы» тақырыбында рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің құрметті қонағы ретінде Түпқараған аудандық мешітінің әйелдер ұстазы Динар Тағабекқызы қатысып, отбасы берекесі, әйелдің қоғамдағы және жанұядағы орны, ұрпақ тәрбиесі мен имандылықтың маңызы жайында тағылымды насихат айтты.

Шара барысында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасып, рухани әсерге бөленді. Мұндай кездесулер әйелдердің діни білімін арттырып, отбасы құндылықтарын дәріптеуге және қоғамдағы рухани тәрбиені нығайтуға зор үлес қосады.