«Қосай ата»мешітінің шәкірттері арасында спорттық сайыс өтті
Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылындағы «Қосай ата» мешітінде жазғы сауат ашу курсының шәкірттері арасында «Спорт – денсаулық кепілі» атты шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Спорттық іс-шараның мақсаты – шәкірттерді салауатты өмір салтын ұстануға баулу, олардың достық қарым-қатынасын нығайтып, бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Жарыс тартысты өтіп, шәкірттер белсенділік танытып, өзара ұйымшылдық пен спорттық мәдениеттің үлгісін көрсетті.
Айта кетейік, жазғы сауат ашу курсы барысында шәкірттердің жан-жақты дамуына бағытталған танымдық, тәрбиелік және спорттық іс-шаралар әр апта сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
