«Әбіш қожа»мешітінде «Отбасындағы әкенің рөлі»семинар тренингі өтті
Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде “Отбасындағы әкенің рөлі” семинар тренинг өтті.
Отбасы құндылықтарын дәріптеу, шаңырақтағы әкенің рөлі мен жауапкершілігін арттыру — бүгінгі қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі.
Жиынға дін қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, психологтар және мешіт жамағаты мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Тәрбие мен жауапкершілік үлгісі
Семинар барысында отбасындағы әкенің тұлғалық бейнесі, бала тәрбиесіндегі орны және ислам дініндегі отағасының міндеттері кеңінен талқыланды.
Жиында мешіт бас имамы Қажымұқан Далубайұлы бала дамуының кезеңдерін (жас ерекшеліктеріне қарай бөліп) көрсете отырып, әр кезеңдегі әке мен бала арасындағы байланыстың маңыздылығын түсіндірді. Бас имам өз сөзінде:
«Әке — тек асыраушы ғана емес, ол — баланың өмірлік бағдары, қорғаны және мінез-құлық мектебі. Қазіргі таңда балаға материалдық құндылықтардан бұрын, әкенің мейірімі мен рухани қолдауы аса қажет», — деп атап өтті.
