blog Images

«Ержан хазірет»мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Ақтау қалалық «Ержан хазірет»  мешітінде қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Игі іс шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж 10 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.

Іс-шараның мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамдағы бауырмалдық пен жанашырлық құндылықтарын нығайту. Қайырымдылыққа үлес қосқан жомарт жандардың арқасында көптеген отбасыларға қуаныш сыйланды.