«Сүйінғара батыр»мешітінде қайырымдылық шарасы өтті
Қарақия ауданы, Жетібай ауылындағы «Сүйінқара батыр» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 5 отбасыға көмек көрсетілді.
Игі шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен және мұқтаж бес отбасыға азық-түлік себеттері табысталды. Қайырымдылықтың басты мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
Алла Тағала қайырымдылық жасауға үлес қосқан барша жомарт жандардың сауаптарын еселеп, бергендерін берекелі етсін! Әмин.