blog Images

Ақшұқыр мешітінде жамағатқа практикалық сабақ өтті

Ақшұқыр ауылдық мешітінде жамағатша  ер және әйел адамның кебінін пішу мен мәйітті кебіндеу тәртібін практикалық түрде үйретуге арналған тағылымды дәріс өткізілді.

Дәріс барысында шариғатымыздағы мәйітті ақтық сапарға дайындау рәсімдерінің үкімдері кеңінен түсіндіріліп, кебіннің түрлері мен өлшемдері, оны пішу және кебіндеу жолдары іс жүзінде көрсетілді.

Жамағат тарапынан қойылған көптеген сауалдарға тұшымды жауаптар беріліп, тақырып аясында пайдалы мәліметтер айтылды.