Ақшұқыр мешіті:«Бір айда-бір кітап»жобасы аясында насихат жиыны өтті
Ақшұқыр ауылдық мешітінде «Бір айда – бір кітап» рухани-ағартушылық жобасы аясында жамағатқа қазақ халқының біртуар перзенті, даңқты қолбасшы әрі қаламгер Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабынан тағылымды сабақ өткізілді.
Сабақ барысында кітаптағы ата-анаға құрмет, үлкенді сыйлау, ұлттық тәрбие, отансүйгіштік пен адамгершілік құндылықтар кеңінен насихатталды. Әсіресе, Бауыржан атамыздың әжесі Қызтумас әжесі арқылы берілген өнегелі оқиғалар жамағатқа терең ой салып, рухани әсер сыйлады.
Ақшұқыр мешітінің имамы Ғабит Әбдіғаппарұлы кітаптағы ғибратты тұстарды тарқатып, ұлттық тәрбиенің бүгінгі қоғам үшін маңыздылығына тоқталды. Кездесу соңында жамағат кітаптан алған әсерлерімен бөлісіп, тағылымды ой-пікірлерін ортаға салды.
