Ар-Рахим мешітінде 25 отбасыға қайырымдылық көмек берілді
Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінде жамағаттың қолдауымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» хадисіне сай жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шара барысында 25 отбасыға күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік себеттері таратылды.
