blog Images

«Төлей ишан»мешітінде Құрбан айтқа орай рухани шара өтті

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Басқұдық ауылдық «Төлей ишан» мешітінде шәкірттерге арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

Мешіттің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен өткен шарада шәкірттерге арнайы дастархан жайылып, айттық сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында түрлі тағылымды әрі қызықты ойындар өткізілді.

Мерекелік басқосуда шәкірттерге Құрбан айттың қадір-қасиеті мен рухани маңызы түсіндіріліп, ізгілік, мейірімділік және бауырмалдық құндылықтары насихатталды.

Шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.