blog Images

«Қосай ата»мешітінде балалар күніне орай танымдық шара өтті

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінде бүлдіршіндерге арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

Шара аясында «Робототехника – болашақтың кілті» тақырыбында арнайы мастер-класс өткізілді. Робототехника саласы балалардың логикалық ойлау қабілетін, шығармашылығын және білімге деген қызығушылығын арттырады. Мастер-класс барысында қатысушылар робот құрастыру мен бағдарламалаудың негізгі қырларымен танысып, заманауи технологиялардың мүмкіндіктері туралы пайдалы мәліметтер алды.

Сонымен қатар, мерекелік шара барысында 45 балаға тәтті сусындар мен балмұздақтар таратылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Балалар қызықты сабаққа қатысып, мерекелік сый-сияпатқа ие болды.