blog Images

Әль-Хаким мешітінде 40 балаға айттық тәттілері таратылды

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінде балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

Шара барысында 40 балаға айттық тәттілер мен сыйлықтар үлестіріліп, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Балаларға Құрбан айттың мәні мен маңызы түсіндіріліп, ізгілікке, мейірімділікке және үлкенді құрметтеуге үндейтін насихат айтылды.