blog Images

Маңғыстау аудандық мешітінде Құрбан айтқа орай спорттық сайыстар өтті

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Маңғыстау аудандық мешітінде жамағат арасында спорттық шаралар өткізілді.

Мерекелік іс-шараның мақсаты – жамағат арасындағы ауызбіршілік пен бауырмалдықты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыс барысында қатысушылар түрлі спорттық сайыстарда бақ сынап, өзара достық қарым-қатынасты арттырды.

Шара соңында жеңімпаздар марапатталып, қатысушыларға алғыс білдірілді. Құрбан айт аясында ұйымдастырылған бұл игі бастама жамағаттың мерекелік көңіл-күйін көтеріп, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.