Бейнеуде Құрбан айтқа орай мерекелік жиын өтті
Бейнеу аудандық«Ыбырайым ахун» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Құрбан айт мерекесіне арналған тағылымды әрі мерекелік шара өтті.
Мерекелік жиынға Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұстазы Марат Жарылқапұлы ұстаз, аудан әкімі Рахымжан Шалбаев, мешіт ақсақалдары, аудан кәсіпкерлері және жамағат қатысты.
Шара барысында Құрбан айттың рухани мәні мен маңызы насихатталып, жиналған қауымға ізгі тілектер айтылды. Сондай-ақ бірлік пен татулықты дәріптейтін насихаттар айтылып, жамағат мерекелік дастарханнан дәм татты.
