blog Images

Маңғыстау аудандық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Маңғыстау аудандық мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында қайырымдылық шарасы өткізілді.

Игі шара аясында құрбандыққа шалынған малдың еті әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және мұқтаж 7 отбасыға таратылды.

Қайырымдылық акциясының мақсаты – Құрбан айттың рухани мәнін дәріптеп, мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қоғамдағы бауырмалдық пен жанашырлық қасиеттерін нығайту.