Қарақия аудандық мешітінде Құрбан айтқа орай мерекелік шара өтті
Қарақия аудандық орталық мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай тағылымды әрі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, айт мейрамы жоғары деңгейде өткізілді.
Мерекелік шара барысында жиналған жамағат ауданның ақсақалдарынан бата алып, үлкендердің ақ тілегіне ие болды. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында түрлі ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылып, қатысушылар өзара бақ сынасты.
Балаларға ерекше көңіл бөлініп, мерекелік шара аясында 200 бүлдіршінге арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл игі бастама балалардың қуанышын еселеп, мерекенің көркін арттыра түсті.
