blog Images

Ар-Рахим мешітінде Құрбан айт мерекесі атап өтілді

Мұсылман қауымы асыға күтетін Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай,Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим” мешітінде Құрбан айт мерекесі атап өтілді.
Қасиетті жұма намазынан соң өткізілген шара барысында жасөспірімдер арасында екі салмақ бойынша қазақша күрес, кір тасын көтеру, қол күресі  спорт түрлерінен жарыс өткізілді.Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар берілді.