blog Images

«Ар-Рахман»мешітінде Құрбан айтқа орай мерекелік шара өтті

Бүгін Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Құрбан айт намазынан соң,”Ар-Рахман” мешітінің ауласында мерекелік дастархан жайылды.

Күллі мұсылман қауымы асыға күтетін ұлық мерекенің құрметіне жайылған ақ дастархан басында мешіттің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы барша жиналған жамағатқа Құрбан айттың шығу тарихы мен мән-маңызы,Құрбан шалудың сауабы жайлы насихат айтты.Жиын соңында ата-бабалар рухына Құран бағышталып,ел амандығы үшін дұға жасалды.