blog Images

«Шаңырақ»мешітінде бүлдіршіндерге мерекелік шара ұйымдастырылды

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде кішкентай бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар таратылып, балалардың көңіліне шаттық сыйланды.

Игі шараны ұйымдастырып, балаларға қуаныш сыйлаған мешіт ұстазы Молда Аңламас Нұрболат Сейдіұлы бүлдіршіндерге ақ тілегін айтып, айт мерекесінің маңызын түсіндірді.

Балалардың жүзіндегі күлкі мен қуаныш — айт мерекесінің ең әдемі көріністерінің бірі. Осындай ізгі амалдар арқылы жас ұрпақтың жүрегіне мейірім, имандылық және мешітке деген сүйіспеншілік ұялайды

Алла Тағала барша жасаған игі амалдарға мол сауап жазып, әр шаңыраққа береке мен тыныштық нәсіп етсін!