Құрбан айт 2026:«Шаңырақ»мешітінде балаларға айттық тәттілері таратылды
Қасиетті Құрбан айт күні Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің қызметкерлерінің балаларына айттық тәттілері таратылды.
Мешіттің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы мешіт қызметкерлерінің балаларына арнап айттық сыйлықтар таратып, бүлдіршіндердің көңіліне қуаныш сыйлады.
Айт — тек құлшылық пен құрбандық қана емес, сондай-ақ мейірім, қамқорлық және балаларды қуантатын мереке. Осындай ізгі амалдар арқылы ұрпақтың жүрегіне мерекенің шынайы рухы мен исламның көркем құндылықтары сіңіріледі.
Балалардың жүзіндегі шаттық — айттың ең әдемі көріністерінің бірі
Алла Тағала барша игі амалдарымызды қабыл етіп, әр шаңыраққа береке мен қуаныш нәсіп етсін!