blog Images

Сүйінғара батыр мешітінде Құрбан айт мерекесі атап өтілді

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылындағы «Сүйінқара батыр» мешітінде жамағатқа арналып мерекелік дастархан жайылды.

Іс-шара барысында мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындарына айт мерекесінің ізгі тілектері жеткізіліп, бірлік пен бауырмалдықтың маңызы насихатталды. Сонымен қатар, қазақ халқының дәстүрлі айттау салты орындалып, жиналған көпшілік бір-біріне ақжарма тілектерін арнады.

Мерекелік жиын барысында жамағат рухани насихат тыңдап, көтеріңкі көңіл-күйде бас қосты. Айт дастарханына жиналған қауым ауызбіршілік пен татулықтың қадірін сезініп, мерекенің ерекше рухын бірге бөлісті.