Басшы Айжанақұлы мешітінде Құрбан айтқа орай қайырымдылық шарасы өтті
Бүгін Құрбан айт мерекесіне орай Бейнеу ауылдық “Басшы Айжанақұлы” мешітінде қайырымдылық іс шарасы өтті.
Іс шара барысында көмекке мұқтаж 10 отбасыға күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдері таратылды. Мешіт бас имамы Ұзақбай Түркменбайұлы барша жанды ұлы мереке Құрбан айтпен құттықтап,ізгі тілегін жеткізді.
Мұндай игі шара алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.