Құрбан айт 2026:100 балаға «Құрбан айт тәттілері»үлестірілді
Қасиетті Құрбан айт қарсаңында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы 1-ші шағын ықшам ауданында орналасқан №3 ші әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы тәрбиеленіп жатқан ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерге”Құрбан айт тәттілерін” үлестірді.
Ерекше күтімді қажет ететін 100 бүлдіршінге ұлы мерекеге орай тәтті-дәмділер тарту етіліп, әртүрлі тәттілер салынған сыйлық дорбаларын үлестірді.Облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы балаларды Құрбан айт мерекесімен құттықтап,дерттеріне шипа, дендеріне саулық тіледі.
