blog Images

«Бір айда-бір кітап»жобасы:«Жабайы алма»кітабының мазмұны талқыланды

Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінде «Бір айда – бір кітап» жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма»кітабының мазмұны талқыланды.

Рухани жиында кітап клубының белсенді оқырмандары қатысып, шығарма мазмұны талқыланды . Қатысушылар жазушының шынайы суреттелген ауыл өмірі, адамгершілік құндылықтары мен балалық шақтың мөлдір сезімдерін бейнелеген туындысынан алған әсерлерімен бөлісті.

Сайыс барысында оқырмандар кітап желісі бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзара білім мен зеректік сынға түсті. Әдеби кештің басты мақсаты – кітап оқырмандары арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, көркем әдебиет арқылы рухани құндылықтарды насихаттау болды.

Шарада Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы сөз сөйлеп, кітап оқу мәдениетінің қоғам тәрбиесіндегі орны ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар  рухани және көркем әдебиеттерді тұрақты оқуға шақырып, мұндай жобалардың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор екенін жеткізді.