Қосай ата мешітінде «Ихсан – рухани тәрбие» кітабы бойынша жарыс өтті
Жаңаөзен қаласы Теңге ауылдық «Қосай ата»мешітінің ұйымдастыруымен ҚМДБ төл туындысы саналатын «Ихсан – рухани тәрбие» кітабын насихаттау мақсатында кітап оқу жарысы өтті.
Тағылымды шараға қатысушылар аталған кітап бойынша өз білімдерін сынға салып, рухани-танымдық сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қазақы нақыштағы ұлттық киім үлгісі де арнайы номинация ретінде бағаланды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталды:
І орын – Есіркепқызы Ақбота (70 000 тг)
ІІ орын – Атаниязов Жанат (50 000 тг)
ІІІ орын – Қияшова Кәмшат (30 000 тг)
Ынталандыру сыйлығы – Аразмұхамметова Мәншүк (10 000 тг)
Ұлттық киім номинациясы бойынша:
Қаржауқызы Ұлболсын (10 000 тг)
Аразмұхамметова Мәншүк (10 000 тг)
Жексенбаева Айнұр (10 000 тг)
Шара барысында қатысушыларға рухани тәрбиенің маңызы кеңінен түсіндіріліп, кітап оқудың адам өміріндегі орны насихатталды.
