Баянды ауылдық мешітінде жамағатпен айлық отырыс өтті
Баянды ауылдық мешітінде жамағатпен айлық отырыс ұйымдастырылып, ақ дастарқан басында рухани кездесу өтті.
Жиын барысында мешіттің наиб имамы Шағалақ Мейрамбек «Дүние – ақыреттің жемісі» тақырыбында насихат айтып, адам өміріндегі ізгі амалдың, адал еңбек пен рухани тәрбиенің маңызына тоқталды. Сонымен қатар, бұл дүниедегі әрбір істің ақыретпен байланысы жөнінде тағылымды ойлар айтылып, жамағатқа өнегелі кеңестер берілді.
Басқосу барысында жамағат бірлік пен ынтымақтың қадірі жайында пікір алмасып, рухани сұхбат өрбіді.
