blog Images

«Әль-Хаким»мешітінде «Дін мен дәстүр» кітабы бойынша білім сайысы өтті

Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінің ұйымдастыруымен  мешіт жамағаты арасында«Дін мен дәстүр» кітабы бойынша білім сайысы өткізілді.

Мақсаты – қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде қолданатын діни рәсімдерді, салттық, ғұрыптық дүниелердің дінмен  байланысы,  жоралғылар мен рәсімдер, өнер, спорттық іс-шаралар, қазақтың ұлттық ойындары, мәдениетінің түп негізінің дін рәсімдерінен алынғандығын, сабақтастығын айқындау.

Жарыс ҚМДБ сараптамасы арқылы жарыққа шыққан «Дін мен дәстүр» кітабы бойынша дайындалған тест сұрақтар бойынша өтті.Жалпы білім сайысына 20 -ға жуық қатысушы қатысып,өзара жарысқа түсті.Сайыс соңында жүлделі орын алған қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен қаржылай сыйлықтар тарту етілді.