Баянды ауылдық мешітінде 10 отбасыға қайырымдылық көмек берілді
Баянды ауылдық мешітінде «Тайқазан» қайырымдылық жобасы аясында аз қамтылған отбасыларға арналған қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шара барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін 10 отбасыға азық-түлік себеттері мен ет өнімдері таратылды. Қайырымдылық көмегі мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамдағы жанашырлық пен мейірімділікті насихаттауға бағытталды.
Мешіт ұжымы мұндай игі бастамалардың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтіп, қайырымдылық жасау – адамгершілік пен ізгіліктің көрінісі екенін жеткізді.
