Баянды ауылдық мешітінде кітап жәрмеңкесі өтті
Баянды ауылдық мешітінде қасиетті жұма күні жамағатқа арналған кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Шара барысында жиналған көпшілікке ҚМДБ «MUFTIYAT»баспасынанжарық көрген діни-танымдық кітаптар кеңінен насихатталып, олардың мазмұны мен маңызы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, жамағатқа рухани әдебиеттердің адам тәрбиесіндегі орны айтылып, кітап оқудың маңыздылығы насихатталды. Ұйымдастырушылар кітап сатып алушыларға арнайы жеңілдіктер қарастырылғанын да атап өтті.
