Ақшұқыр мешітінде «Бір айда – бір кітап» жобасы аясында рухани сабақ өтті
Ақшұқыр ауылдық мешітінде «Бір айда – бір кітап» жобасы аясында Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма» шығармасы бойынша рухани-танымдық сабақ ұйымдастырылды.
Тағылымды жиында мешіттің бас имамы Ғабит Әбдіғаппарұлы шығарма мазмұнына тоқталып, туындыдағы терең тәрбиелік мән мен ұлттық құндылықтар жайында кеңінен әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, кітапта суреттелген ауыл өмірі, сұрапыл соғыс жылдарындағы халықтың тұрмыс-тіршілігі, адамгершілік қасиеттер мен елдік рух мәселелері жан-жақты талқыланды.
Шара барысында қатысушылар шығарма төңірегінде өз пікірлерін білдіріп, әдебиеттің рухани тәрбие берудегі маңызына тоқталды.
Аталған жоба жамағаттың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдеби мұраларды насихаттауға бағытталған игі бастамалардың бірі ретінде жалғасуда.
